Жиі берілетін сұрақтар
1. АМжСК-не түсу үшін қандай құжаттар қажет (барлық мамандықтар)?
-
білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірме)
-
3х4 өлшеміндегі 6 фотография
-
№ 086/У, №063 нысандарындағы медициналық анықтама;
-
жеке куәлік + жеке куәліктің көшірмесі (егер жеке куәлік болмаса, туу туралы куәлікті ұсынуға болады)
-
ҰБТ сертификаты (11 сыныптан кейін түсетіндер үшін)
-
тұрғылықты жері бойынша тіркелу (мекен-жай анықтамасы)
2. АМжСК-ін аяқтағаннан кейін студентке қандай диплом беріледі?
-
Оқуды аяқтағаннан кейін АМжСК-нің барлық түлектеріне орта техникалық білім туралы диплом беріледі.
3. Оқуға түсу кезінде қандай қабылдау емтихандарын тапсыру қажет?
-
Оқуға түсу кезінде абитуриенттер тест түрінде 2 пән бойынша қабылдау емтиханын тапсырады – орыс тілі және математика (қазақ тілінде оқитындар үшін – қазақ тілі және математика. Әрбір тестіде 9 және 11 сыныптардан кейін түсетіндер үшін күрделілік деңгейі бойынша бөлінген мектеп бағдарламасынан 25-30 сұрақ болады.
4. Гранттар бар ма?
-
2018-2019 оқу жылдарына грант жоқ, бірақ бізде икемді төлем жүйесі бар. Жан-жақты мағлұмат алу үшін:. +7(727)2903333, +7 (727) 242 16 61, +7 727 242 16 11 телефондары бойынша хабарласуларыңызға болады.
-
5. Жатақхана бар ма?
-
Өкінішке орай біз оқушыларды жатақханамен қамтамасыз ете алмаймыз. Басқа қалалардан келген студенттер көбіне туыстарының үйінде тұрады, не жалдамалы пәтер іздейді.