АМжСК тарихы

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында жас мемлекет Қазақстанға іс жүзінде экономиканың барлық салаларында жаңа үздік мамандар қажет болды. Сол себепті 2001 жылы «Алматы менеджмент және сервис колледжі» білім беру мекемесі ашылды.

Колледж студенттерді сұранысқа ие үш мамандық – менеджмент, есеп және аудит, сондай-ақ маркетинг бойынша оқыта бастады. Мемлекетке батыстық ағынға сәйкес менеджерлер деп атау қабылданған, үздік басқарушылар қажет болды (және өкінішке орай, сұраныс қазіргі күні де өзекті болып қалып отыр). Есеп және аудит компанияның қаржылық қызметін басқару үшін қажет, соның ішінде бұл көпшілігі кейіннен өз бизнестерін ашқан АМжСК түлектері үшін актуалды.

Сонымен қатар, ТМД елдерімен және шетелдермен сауданың өсуіне байланысты түрлі тауарлар мен өнімдерді кәсіби сараптау үшін білікті тауартанушылар қажет болды (сол кездің өзінде-ақ Арзан және MagnumCash&Carry сияқты гипермаркеттердің алғашқы прототиптері ашылды).

Кейінірек колледжде басқа да сұранысқа ие мамандықтар ашылды, атап айтатын болсақ, есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру, тамақтануды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету және автомобиль көлігін жөндеу, шаштараздық өнер, автомобиль жолдары мен аэродром құрылысы. Біз жыл сайын салалық кәсіпорындармен көбірек байланыс орнатып келеміз.

БасындаАМжСК бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды кәсіпорындармен бірлесіп бағдарға алды. Біз үшін АМжСК түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін бірден беделді компанияларға жұмысқа орналасуы өте маңызды. Біз мәні – мамандығы бойынша теориялық білімдерін практикада белсенді пайдалану болып табылатын, дуалды білімге баса назар аударамыз. Сонымен бірге, біздің оқушыларымыздың көпшілігі колледжде оқыған кезде өздері өндірістік практикадан өткен серіктес – кәсіпорындарға соңынан жұмысқа орналасады. Әрбір студентпен жеке қарым-қатынас жасауға көп уақыт бөлінеді. Бізге мектепте оқу қиын болған және бірталай қиындықтарды бастарынан өткерген балалар жиі келеді. Алайда колледждегітыныш және достық ахуалға орай разылықпен оқиды және кемелденеді! Біз әрбір балаға өзінің әлеуетін ашуға көмектесеміз.

Сонымен, тек 1 корпустан және 3 мамандықтан бастаған АМжСК-і қаладағы танымал 3 корпусы және 8 мамандығы бар сапалы білім беру мекемесіне айналды. Алматы менеджмент және сервис колледжі өздерінің түлектерін кепілді түрде жұмысқа орналастырады. Қазіргі таңда 1000 астам түлектер Қазақстан экономикасының түрлі секторларында, тамақтандыруды ұйымдастыру, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету саласында және т.б салаларда жұмыс істеп жатыр. Білім сапасының жоғары болуы және колледжде берілетін мамандықтар бойынша кәсіби кадрлардың үлкен жетіспеушілігі  - міне осының барлығы оқушыларға жұмысқа орналасуға түскен көптеген өтінімдердің ішінен жұмыс орнын өз беттерімен таңдауға мүмкіндік береді. Алматы менеджмент және сервис колледжі қабырғасында біз білікті кәсіпқойларды, өз отанына шын берілген жастарды дайындаймыз. Бүкіл ұжым оқушылардың кәсіби және тұлғалық өсуіне олардың өз – өздерін өзектендіруіне баса назар аударады. Сонымен, әрбір студент тек өмірде өзін-өзі сәтті таныту ғана емес, сондай-ақ біздің Отанымыздың дамуы мен гүлденуіне өзінің үлесін қосу мақсатында Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істейтін, өзінің сүйікті елінің лайықты азаматы да бола алады.

АМжСК-де оқу – перспектива және басымдық!