Материалдық-техникалық қамсыздандырылуы

Материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды үнемі жақсарту білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы және Алматы менеджмент және сервис колледжінің тұрақты дамуының кепілі болып табылады.

Қазіргі уақытта АМжСК-де жалпы ауданы 200086,5 ш.м. құрайтын заманауи материалдық-техникалық база бар. Оқу оқитын үй жайлар, зертханалар, компьютерлік сыныптар, оқу залдары санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сай келеді. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген, «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы № 1430 қаулысымен бекітілген, «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер менбейнетерминалдар), көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес келеді. Колледждің инфрақұрылымы мына кестеде берілген:

1кесте. Колледждің инфрақұрылымы

Атауы

Саны,

дана

  1.  

№ 1 оқу корпусы

1

Оқуаудиториялары

6

Компьютерлік аудитория

1

ТОРиЭАТ1 оқу зертханасы

1

ПИиДК2оқу зертханасы

1

Акті залы

1

 «Минутка» кафесі

1

Киім-кешек қабылдайтын орын

1

2.

№ 2 оқу корпусы

 

Оқуаудиториялары

10

«Минутка» кафесі

1

Медициналық сауықтыру пункті

1

Кітапхана

1

ПИиДК2оқу зертханасы

1

Акті залы

1

Спорт залы

1

Жаттығу залы

1

Оқу залы

1

3.

Оқу-өндірістік шеберхана

 

Оқуаудиториялары

7

«Минутка» кафесі

1

Кітапхана

1

Компьютерлік аудитория

1

Сұлулыққа оқу залы

1

ОП3оқу зертханасы

1

ТОРиЭАТ1оқу зертханасы

1

Акті залы

1

Киім-кешек қабылдайтын орын

1

 

1 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және эксплуатациялау

2. Шаштараз өнері және сәндік косметика
3 Тамақтануды ұйымдастыру
 

Оқу басталар алдында жыл сайын колледждің жеке қаражатының есебінен оқу корпустарын ағымдағы жөндеу және дайындау жүргізіледі. Жылыту маусымы басталар алдында қысқы уақытта үздіксіз жұмыс істеу үшін жылыту жүйелерін дайындау жүргізіледі. Оқу корпустарының барлығы өрт қауіпсіздігінің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Күзет корпус бойынша кезекшінің аралауы, сондай-ақ бейнебақылау жолымен жүзеге асырылады. Оқытушылар мен қызметкерлердің толыққанды жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалған: ыңғайлы қызметтік үй-жайлар, электрондық кітапхана ресурстары, Ғаламтор, компьютерлік техника және басқалары. Жұмыс орындарында өрт сөндіруге арналған құралдар бар. Зертханалар, шеберханалар және оқу корпустарының қабаттары өртке қарсы құрал-саймандармен жарақтандырылған. Спорттық-сауықтыру жұмыстары үшін 2 спорттық зал бар: ауданы 266,2 ш. м. екінші оқу корпусындағы ауданы 65,2кв.м жаттығу залы жүгіретін жолмен, велотренажермен, штангага арналған тапшан және басқа да спорттық снарядтармен жарақтандырылған.

2 кесте. Спорттық залдың материалдық мүліктері

Атауы

Саны, дана

  1.  

Волейбол доптары

10

  1.  

Баскетбол доптары

10

  1.  

Футбол доптары

5

  1.  

Құрсау

10

  1.  

Үстел үсті ракеткасы

5

  1.  

Секіртпе

10

  1.  

Ысқырық

10

  1.  

Мат (күресетін)

1

  1.  

Волейбол торы

1

  1.  

Боксер грушасы

2

 

Студенттерді спорттық-патриоттық тәрбиелеу аясында колледжде футбол, волейбол, баскетбол, күрес, шашки, шахмат, жеңіл атлетика, үстел үсті теннисі, тоғыз құмалақ бойынша спорттық секциялар жұмыс істейді. Жаттығуларды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізеді. Оқу кабинеттері мен оқу шеберханаларының барлығы қажетті заманауи жабдықтармен және құрал-саймандармен жарақталған. Колледждің аудиториялық қорының жалпы ауданы 2065,42 ш.м. құрайды, олардың ішінде 20 кабинет – жалпы білім беретін және кәсіптік пәндер, 16 кабинет – арнайы пәндер кабинеттері. Кабинеттер мен зертханаларда оқу жылының басында колледж директорымен бекітілетін, кабинет/зертхана меңгерушілері тағайындалады.

Аудиториялар мен зертханалар МЖМББС талаптарына сәйкес келеді. Кабинеттер мен зертханалардың 70%-ы МЖМББС ұсыныстарына сәйкес заманауи интерактивті жабдықтармен, техникалық оқыту құралдарымен және көрнекі құралдармен жарақталған. Аудиториялардың, зертханалардың паспорттары, даму жоспарлары, оқытушының жұмыс орнының аймағы, оқу сабақтарының аймағы, ақпараттарды сақтау аймағы бар. Жыл сайын колледждің аудиториялық қорын қажетті жиһазбен жарақтаубойынша, сондай-ақ қажетті материалдық құралдар сатып алу үшін техникалық персоналдың қажеттіліктерін ескере отырып мәліметтер талданады. Техникалық оқыту құралдарының, оқу процесінің және ғылыми-зерттеу қызметтерінің сапасы мен сәйкестігіне қатысты қызметкерлер мен білім алушылардың пікірін есепке алу үшін әңгімелер жүргізіледі. Әңгімелесудің негізгі мақсаты – басқару мен оқу процесінің барлық деңгейлерінде міндеттердің бүкіл кешенін шешуге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық жүйелер мен ресурстарды пайдаланудағы колледждің басым позициясын айқындау болды. Әңгіме мынадай мәселелерден тұрады: Мысалы, «Сізді компьютерлердің техникалық сипаттамалары қанағаттандыра ма?». Колледж басшылығымен нәтижелер бойынша тиісті қорытындылар жасалды және басқару қызметінде және оқу процесінде пайдаланылатын техникалық құралдардың сапасы мен сәйкестігін жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев смарт-технология, жасанды зияткерлік, киберфизикалық жүйелердің бірігуі, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласындағы құзырлықты дамытуды арттыру қажеттілігін атап өтті. Президенттің осы саясатын қолдай отырып, біздің колледжде студенттердің техникаға деген қызығушылығын арттыру үшін жастардың творчествалық мүмкіншілігін дамыту мақсатында «Жас автомеханик атты автомобильдерді жөндеу және диагностикалау бойынша техникалық творчества үйірмесі жұмыс істейді. Үйірменің негізгі мақсаты – автомобиль құрылғылары мен жүйелерінің диагностикасын зерделеу, жобалар мен макеттерді жобалау және әзірлеу үшін техникалық модельдеу сабағын біртіндеп күрделендіру болып табылады.

Автомобильге әуестену Автомобильдің құрылымы, Автомобильдер мен қозғалтқыштар теориясы, Автомобильдік эксплуатациялық материалдар, Электрондық құрал-жабдықтар негіздері бар автомобильдердің электрлі жабдықтары, Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, Автокөлікті жөндеу, Автоматтандырылған басқару жүйелері, Көлік логистикасы, Диагностика жасау құралдары мен технологиясы, Жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздігі және әрине физика пәндері бойынша білім алушылардың үлгерімдерін арттырады.