Пiкiріңізді жазу

Here you can write your review.

Абдрашитов Рамиль, 19 сәуір 2018, бейсенбі
Мен жарты жыл бойы «Вечное Небо» мейрамханасында өндірістік практикадан өтіп жүрмін. Мен ас әзірлегенді жақсы көремін, үйде көбіне өзім дайындайтынмын, сондықтанда маған кәсіп таңдау оңай болды. Әрбір тағамды сүйіспеншілікпен дайындауға тырысамын! Әсіресе күрделі тағамдарды, мысалы, бешбармақ дайындаған өте қызықты. Колледжді аяқтағаннан кейін шетелде аспаздық оқуды жалғастырғым келеді. Тамақтануды ұйымдастыру мамандығына түсетін абитуриенттерге тәжірибені көбірек жинақтауға, түрлі тағамдарды зерделеуге кеңес берер едім.
Ганиев Зуфар, 5 сәуір 2018, бейсенбі
Аспаз болып бір жылға жуық жұмыс істеймін. Бұрын үйде жиі жалғыз қалуға тура келетін, сол кезде өзіме дайындауды үйрендім, сол себепті аспаз мамандығын таңдадым. DelPapa-да жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған – заманауи ас үй, пештен жұмыс орнына дейін екі-ақ қадам, сол себепті жасау жеңіл және ыңғайлы. Осы мейрамханалар желісіне алғаш рет тәжірибе алуға келген кезде (менің алғашқы жұмыс орным Төле би көшесіндегі – DelPapa) маған өте жақсы көмектесті және жылы қарсы алды. Бастығымның ақылы осы кезге дейін есімде. Пасталар, стейктер, сиыр мойынтұмарларын дайындағандыжақсы көремін. АМжСК аяқтағаннан кейін университетке түсіп және осы мамандық бойынша білімімді жалғастыруды ойлап жүрмін. Осындай беделді жерде практикадан өту мүмкіндігін тудырғаны үшін колледжге алғысымды білдіремін!
Бабенко Виктория, 3 ақпан 2018, сенбі
Маған колледжде бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болғандары ұнайды. Бізде барлығы бір-біріне дос және материалдық-техникалық базасы да мықты. Оқу орнындағы оқыту жағдайының да жоғары деңгейде екендігін айта кету керек. Ғимараттың іші жылы, таза және жайлы. Колледжде жаңа компьютерлер, кітапхана, асхана, буфет бар. Колледж туралы мен ашық есіктер күнінде білдім. АМжСК-не түскеніме еш өкінбеймін. Жақын арада бізбес жұлдызды «Достық» отелінде практикадан өтеміз. Алдымыздағы практикадан менің күтетінім көп және алдағы уақытта сол жерге жұмысқа орналасамын деп үміттенемін. 2 курс,«Менеджмент»
Холяфутдинова Наиля, 15 ақпан 2018, бейсенбі
Бастапқыда мен АМжСК-і туралы ашық есіктер күнінде естідім. Колледжді таңдау кезінде мен орналасқан жерін, мұғалімдердің кәсіпқойлығын және оқушыларға деген қарым-қатынастарын байқадым.Біздің АМжСК шағын, бірақ онда біз бір отбасы сияқтымыз және біздің директорымыз анамыз сияқты бізді жақсы көреді және бағалайды. 2 курс, «Есеп және аудит»
Нурлыбаева Шолпан, 25 ақпан 2018, жексенбі
Мен визажист болуды бұрыннан армандайтынмын. Колледж туралы газеттен оқыдым, келдім және бұл жерде маған қайсы қалай екендігін түсіндірді. Сосын емтихан тапсырып оқуға түстім. Біздің мұғалімдеріміз тамаша, өз істерінің шеберлері, әрбір студентке жеке қарым-қатынас жасайды, біздің қамымызды ойлап жүреді. Біздің мамандығымыз өте қызықты, әрқашан әлдебір пайдалы және жаңа нәрсе туралы білеміз. Жуықта бізде практика болады, одан жұмысқа орналасу үшін қажетті құнды тәжірибе жинақтаймыз деп ойлаймын. 2 курс,213 топ «Шаштараз өнері және сәндік косметика»
Меречин Андрей, 15 наурыз 2018, бейсенбі
Менің колледжге түсуімнің өзі қызықты оқиға болды. Мен біздің директорымыз Роза Кенесхановнаменөзіментаныстым. Бұл мектепте болды, олар презентация өткізді, кабинеттерді аралады және оқушылармен сөйлесті. Мен келесі күні-ақ колледжге бардым және мамандықты бірден таңдадым. Менің АМжСК-ін таңдаған себебім мұнда төлеу жүйесі өте ыңғайлы, мамандықтар да сан түрлі, оқытушылар құрамы да жақсы және орналасқан жері ыңғайлы. Колледжде біздің қолымыз ешқашан бос болмайды. Сондай-ақ маған колледж өткізетін сыныптан тыс іс-шаралар, студенттерге арналған кештер мен мерекелердің өткізілу түрі ұнайды. 2 курс, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамсыздандыру»