Қайырымдылық қызметі

Колледждің негізгі құндылықтарының бірі айналадағыларға көмек көрсету және алғыс айту болып табылады. Соның ішінде колледж ұжымы мен студенттері директор Роза Кенесхановнаның жетекшілігімен жылына бірнеше рет ҰОС ардагерлері үшін салтанатты түскі астар жасайды, балалар үйлеріне барады және егде жастағы тұрғындар үшін тегін компьютерлік сауаттылық курстарын ұйымдастырады

АМжСК көп жылдардан бері Алматы қалалық кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы фашизм тұтқындары ұйымына қамқорлық көрсетеді, олардың да жастары қазір 75-85 келіп үлгерген.АМжСК оларға қолдарынан келгенше материалдық және моралдық көмек көрсетеді, мысалы, оқытушылар мен ерікті-оқушылар ересек ұрпақ үшін мерекелер ұйымдастырады, қажетті дәрілер алуға көмектеседі және т.б. Осылайша колледж оқушылары үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді, ал үлкен кісілер қамқорлық пен ықыласқа ие болады.

АМжСК-де мамыр айындағы мерекелер жыл сайын ерекше толқыныста және қызықты өтеді! Студенттер бір ай бұрын ардагерлер үшін концерттік бағдарлама ойластырады, газеттерге суреттер салады, ал колледж ұжымы дәстүрлі түрде мерекелік дастархан жабады!.

 Колледждің ізгі дәстүрі Алматы қаласының жетімдеріне көмек көрсету болып табылады. Жыл сайын №1 және №2 балалар үйлері үшін қайырымдылық акциялары мен бірлескен мәдени іс-шаралар өткізіледі. Сонымен бірге, әр жылы аталған балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне АМжСК-детегін кәсіби білім алумүмкіндігі ұсынылады, болашақ студенттерді қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етеді және жеке ересек өмірге дайындайды.

 

 2011 жылдан бастап Роза Кенесхановнаүлкен кісілерді тегін компьютерлік сауаттылыққа оқытуға бағытталған, Алматыдағы жалғыз жобаны жүргізеді. Қалаған зейнеткерлердің барлығы әрбір корпуста заманауи жабдықталған компьютерлік кластары бар АМжСК-гетегін компьютерлік сауаттылық курстарына шақырылады. Технологиялар қарыштап алға басып келе жатқан ғасырда жасы үлкендерге компьютерлер мен Ғаламтордың пайда болуымен байланысты қолжетімді болған адам айтқысыз мүмкіндіктер мен игіліктерді пайдалануды үйрету өте маңызды.