Серіктес кәсіпорындардың пікірлері

 

Шынар Найзабекова, «Вечное Небо» мейрамханасының су-шефі

Біздің мейрамханада Алматы менеджмент және сервис колледжінің студенті Абдрашитов Рамиль практикадан өтіп жатыр. Практикадан өту барысында ол өзін жақсы қырынан танытты – үйреткенді бірден қабылдап алады, ұжыммен тамаша тіл табысады, айтқанның барлығын жылдам ұғады! Егер бірнәрсені түсінбей қалса, ұялмайды, қасыңа келіп бәрін қайтадан сұрап алады. Мен бұл студент үшін жақсы бастау деп ойлаймын. Біздің практиканттарымыздың көпшілігі не осында, не Астанада бас аспаз болып жұмыс істейді, бізде мейрамханалар желісі өте үлкен. 


Агитаев Аман, Гоголь көшесіндегі  DelPapa бас-аспазы

AB Restaurants бес жылдан бері жұмыс істеймін, ал жалпы жұмыс өтілім 8 жылға жуық. Студент Ганиев Зуфар 3 айдан бері біздің мейрамханада практикадан өтуде. Жұмысты жақсы істейді, өзінің жұмысын біледі. Өте жауапты, белсенді, ұжыммен жұмыс істей алады. Зуфардың базалық білімі өте жоғары және АМжСК-не сол үшін шексіз алғысымды білдіремін! Егер мұнан кейін де осылай жалғастыратын болса, ол болашақта осы кәсіпте үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.